04 қазан 2022 12:36

Мусин Қазнетке жасалған шабуылдар туралы айтты

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:elements.envato.com

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин қазақстандық сайттарға DDoS-шабуылдар шетелден жүргізіліп жатқанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин қазақстандық сайттарға DDoS-шабуылдар шетелден жүргізіліп жатқанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біз ақпараттық қауіпсіздік саласында мемлекеттік саясатты әзірлеп жатырмыз. DDoS-шабуылдарды, сондай-ақ себептері мен салдарын жоюмен айналысатын ұйым - бұл Мемлекеттік техникалық қызмет. Бұл шабуылдардың алдын алуға олардың қаражаты, ресурстары бар. Ол кибер қалқанды басқару үшін құрылған", - деді министр Үкімет кулуарында журналистер сұрағына жауап беріп.

Оның айтуынша, шабуылдар мемлекеттің барлық ресми ресурсына, соның ішінде интернет-желілерге де жасалып жатыр.

Реклама
Реклама

"Осы DDoS-шабуылдарға байланысты белгілі бір жүктеме бар. Нақтырақ ақпаратты уәкілетті ұйымнан ала аласыздар, өйткені менде мұндай ақпарат жоқ. Бізде ішкі және сыртқы контурлар бар. Ішкі контурдағы шабулдар әлдеқайда айқын болады. Бұл шабуылдар сөзсіз сыртқы контурдан", - деді министр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram