15 наурыз 2022 | 13:01

"Өскенде сварщик боламын" деген қыз Қазнетті сүйсіндірді

Камила Долаева Журналист
Видеодан алынған скриншот. Instagram/crazy_aeka

"Өскенде сварщик боламын" деген оқушы қыз Желі қолданушыларын тәнті етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

"Өскенде сварщик боламын" деген оқушы қыз Желі қолданушыларын тәнті етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қыздың есімі - Аяна Бауыржанова. Былтыр бірінші сыныпқа барған, жасы 6-да. Оның Instagram-да 9500-ге жуық оқырманы бар. Қыздың парақшасын анасы жүргізіп тұрады. 

Желіде тараған видеода бүлдіршін анасының "Өскенде кім боласың" деген сұрағына "дәнекерлеуші" дейді. 

Реклама
Реклама

"Сварщик боламын. Біреулер менің жыныма тиіп жатса сваркілеп тастаймын", - дейді ол видеода. 

Аянаның бұл жауабы Instagram қолданушыларын тәнті етті. Видео төрт күнде 2,8 миллион қаралым, 40 мыңнан аса лайк жинады.

"Ойбай, пікір жазуға қорқып тұрмын, қолымызды сваркілеп тастайма екен деп", "Электрик бол, жыныңа тисе токқа түсіріп тастайсың", "Жаным. Мықты қыз болып өсесің, көрініп тұр" дейді пікір қалдырушылар.

Өмірлік кәсібін дәнекерлеумен байланыстырған адамдар да пікір жазып жатыр: 

"Жаным сол, көз тимесін. Үлкен болып бой жет, сварщик ағаңнан", "Маған кел, өскенде үйретемін. Әке жолын қуған сварщик қызбын!!!, "Дұрыс, гидротты өзім алып беремін" дейді олар.

Сондай-ақ, пікірлердің бірінде қыздың әкесі дәнекерлеуші екені жазылған. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная