27 наурыз 2023 | 14:49

"Отбасы банк" қызметінде ақау шықты

Дина Шарипханова Корреспондент

Қазақстандықтар "Отбасы банк" қосымшасы жұмысындағы ақауларға шағымданды. Банктің баспасөз қызметі платформадағы ақау себебін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандықтар "Отбасы банк" қосымшасы жұмысындағы ақауларға шағымданды. Банктің баспасөз қызметі платформадағы ақау себебін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Банк қосымшасын қосқан кезде ақаулар шықты. Сервер қолжетімсіз, пайдаланушылардан қолдау қызметіне хабарласу сұралады.

Реклама
Реклама

"Отбасы банк" баспасөз қызметі мәліметінше, IT мамандары қазірдің өзінде мәселені шешумен айналысып жатыр.

"Өкінішке қарай, қызмет үзіліспен жұмыс істеп тұр. Қазір техникалық қызметтегі әріптестер мен IT мамандары ақауды жоюмен айналысып жатыр. Ол жақын арада шешіледі. Білесіздер, қазақстандықтар мен "Отбасы банк" клиенттері өтемақы күтіп жүрді. Осы уақытқа дейін депозиттен кейінгі операциялар жүргізілген жоқ. Өтемақы түсті. Енді клиенттер бұл операцияларды, мобильді қосымшада алады. Ағынға байланысты қызмет үзіліспен жұмыс істеп тұр. Бірақ мәселе шешіліп жатыр", - деп түсіндірді баспасөз қызметі тілшіге.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная