Telegram және "ВКонтакте" әлеуметтік желілерінің негізін қалаушы Павел Дуров АҚШ Федерал тергеу бюросынан қысым көргенін және олардың қызметкерлерді сатып алмақшы болғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ол Twitter желісіндегі парақшасында жазды.
"Былтыр біздің команда АҚШ-қа бір аптаға барған кезде АҚШ агенттігінің қызметкерлері біздің мамандарды сатып алғысы келді. Онымен қоса, мен Федерал тергеу бюросы тарапынан қысым көрдім", - деп жазған Дуров.
Айта кетейік, Павел Дуровтың Telegram жобасы хат алмасқанда шифрлау технологиясын қолдануға мүмкіндік береді.