Қазақстан Интернет жылдамдығы жөнінен Африка елдерінен артта қалды

©Sibaritov.net

?аза?стан Интернет жылдамды?ы ж?ніндегі NetIndex сайтыны? т?жырымы бойынша жасал?ан рейтингте бірнеше саты?а т?мен сыр?ыды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Интернетті? жылдамды?ы елде - секундына орташа есеппен 16.52 мегабайт. Б?л м?ліметті SpeedTest сервисі ?сынып отыр. Айта кетейік, ?рбір ?олданушы ?з провайдеріні? интернет жылдамды?ын тексеріп к?ре алады.

Қазақстан Интернет жылдамдығы жөніндегі NetIndex сайтының тұжырымы бойынша жасалған рейтингте бірнеше сатыға төмен сырғыды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Интернеттің жылдамдығы елде - секундына орташа есеппен 16.52 мегабайт. Бұл мәліметті SpeedTest сервисі ұсынып отыр. Айта кетейік, әрбір қолданушы өз провайдерінің интернет жылдамдығын тексеріп көре алады.

Жаңартылған тізімде Қазақстан 52-орыннан 58-орынға сырғыды. NetIndex ресурсының мәліметінше, соңғы жарты жылда елде Интернеттің жылдамдығы 0,4 мегабайтқа азайған. Бірақ бұл көрсеткіш ТМД елдері арасында көш бастауға мүмкіндік беріп тұр, Ресейде (35-орын) ғана ғаламтор жылдамырақ. Бір қызығы, Қазақстан жалпы тізімде бірқатар еуропалық елдерден, мәселен, Грекия мен Италиядан озып тұр, ал африкалық елдерден, нақтырақ айтсақ, Маврикий аралдары мен Сан-Томе және Принсипи республикаларынан қалыс қалды. Соңғы екі мемлекетте кең жолақты Интернетке қосылуға құрылғы аз екені белгілі, бірақ олар байланыстың жылдам каналын қолданады.

Айта кетейік, Интернет жылдамдығы жөнінен Сингапур (секундына 104,21 мегабайт), Гонконгта (секундына 96,36 метр) және Жапонияда (секундына 70,71 мегабайт) тіркелді. Ал артта қалғандардың қатарында Буркина-Фасо, Гамбия және Бенин елдері бар. Бұл мемлекеттерде жылдамдық - секундына 1,5 мегабайт.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама