Қолданушылар туралы мәлімет жинағаны үшін Франция Facebook желісіне 150 мың еуро айыппұл салды

© ru.rfi.fr

Францияны? А?паратты? технологиялар ж?не еркіндік ж?ніндегі ?лтты? комиссиясы (Commission nationale de l'informatique et des libertes, CNIL) Facebook желісіне 150 мы? еуро айыпп?л сал?ан. Б?л туралы комиссияны? ресми хабарламасында айтылады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

Францияның Ақпараттық технологиялар және еркіндік жөніндегі ұлттық комиссиясы (Commission nationale de l'informatique et des libertes, CNIL) Facebook желісіне 150 мың еуро айыппұл салған. Бұл туралы комиссияның ресми хабарламасында айтылады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

"2015 жылы Facebook мәліметтерді пайдалану саясатын өзгертетіні туралы жариялағаннан кейін, CNIL мәліметтерді қорғау туралы заңның орындалуын қадағалау үшін бақылау жүргізді", - делінген шағымда. 

Тексеріс қорытындысы бұл заңның бірнеше рет бұзылғанын көрсеткен. Соның ішінде, Facebook мекенжай жарнамасы үшін жеке мәліметтерді пайдаланғанын атап өтті комиссия өкілдері. 

Реклама
Реклама

2016 жылдың қаңтарында CNIL әлеуметтік желіге кемшіліктерді үш ай ішінде түзеуді ұсынған. Кейін бұл мерзім ұзартылды. Алайда комиссия сұраған өзгерістер жасалмаған.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама