Қытайда алғашқы интернет-сот іске қосылды

?ытайда ал?аш?ы интернет-сот іске ?осылды, - деп хабарлайды РИА Новости ?ХР Орталы? телевизиясына сілтеме жасап.

Қытайда алғашқы интернет-сот іске қосылды, - деп хабарлайды РИА Новости ҚХР Орталық телевизиясына сілтеме жасап.

Интернет-сот өз жұмысын Чжэцзян провинциясы Ханчжоу қаласында бастады.

Мұндай сотты іске қосу туралы шешім биыл 28 маусымда Қытайдың Коммунистік партиясы Орталық комитетінің 36-шы сессиясында қабылданды. Интернет-сот онлайн саудадағы алаяқтық пен интернеттегі авторлық құқықтар бұзылған жағдайларға қатысты істерді қарайды.

Реклама
Реклама

Барлық сот процесі - өтініштен бастап қылмыстық істің қозғалуына дейінгі процестердің барлығы соттың сайты арқылы жүргізіледі. Сондай-ақ, соттың үкімі де онлайн видео арқылы айтылатын болады.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама