ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 16 қазан 2020 09:34
Сарапшы смартфон қандай жағдайларда жарылып кетуі мүмкін екенін айтты
Батареямен байланысты проблемалары бар кез келген смартфон жарылып кетуі мүмкін. Бұл туралы "Интеллектуальный Резерв" ресейлік компаниясының директоры Павел Мясоедов айтты, - деп хабарлайды РИА Новости.
Сарапшы төтенше жағдайдың алдын алудың бірнеше жолын атады.
"Біріншіден, телефон қызып тұрған кезде оны қуаттау құрылғысына қоспаған жөн. Бұл ретте батарея бұзылады да телефон келесі жолы қызғанда жарылып кетуі мүмкін.
Екіншіден, смартфон суға тиіп кеткенде де оның жарылу қаупі бар. Сондықтан мұндай жағдайда телефонды бірден ауыстырған жөн", - дейді сарапшы.
Сондай-ақ, ол телефонды ұзақ уақыт қуаттаудың да қауіпті екенін айтады.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу