Сәтбаев қаласының мектеп оқушысы Калифорниядағы Google кеңсесіне барып қайтты

Instagram © itatriev

С?тбаев ?аласыны? мектеп о?ушысы Калифорнияда?ы Google корпорациясыны? бас ке?сесінде болып ?айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сәтбаев қаласының мектеп оқушысы Калифорниядағы Google корпорациясының бас кеңсесінде болып қайтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Айта кетейік, бірнеше ай бұрын Имран Татриев Google корпорациясы ұйымдастырған IT-байқауды жеңген болатын. 17 жастағы Имран Татриев мектеп оқушыларына арналған Google Code-in 15 (GCI-15) байқауына қатысты. Ол жеңімпаздардың тізімінде 28-жеңімпаз болды. Сонымен қатар, Қазақстан атынан байқауға қатысқан мектеп оқушысы тұңғыш рет Google Code-in байқауында жеңімпаз атанып отыр екен.

Сәтбаев қаласы Сәкен Сейфуллин атындағы гимназияның 11-сынып оқушысы Имран Татриев бұл байқауға маусымның екінші жартысында барған болатын. Калифорнияда түскен суреттерін мектеп оқушысы өзінің Instagram парақшасына салды. 

Реклама
Реклама

 

Айта кетейік, халықаралық байқауға 65 елден екі мыңға жуық мектеп оқушысы қатысты. Байқаудың шартына сәйкес, IT байқауға қатысушылардың жасы 13-17 жас аралығында болуы қажет. Google Code-in 15 байқауының барлық жеңімпазы Калифорниядағы Google корпорациясының бас кеңсесіне шақырылды.  Сондай-ақ, барлық шығынды Google компаниясына өз мойнына алған. Жалпы байқауға қатысушылар төрт түн Сан-Францискода болыпты.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама