SpaceX компаниясының интернет тарататын спутниктері қашан іске қосылатыны белгілі болды

Илон Маскты? SpaceX компаниясыны? ?кілдері 2024 жыл?а дейін жо?ары жылдамды?та интернет тарататын т?рт мы?нан аса спутник ?шыратынын жария етті, - деп хабарлайды Lenta.ru CNBC телеарнасына сілтеме жасап. 

Илон Масктың SpaceX компаниясының өкілдері 2024 жылға дейін жоғары жылдамдықта интернет тарататын төрт мыңнан аса спутник ұшыратынын жария етті, - деп хабарлайды Lenta.ru CNBC телеарнасына сілтеме жасап. 

SpaceX компаниясының мемлекет істері жөніндегі вице-президенті Патрисия Купердің айтуынша, компания прототиптердің сынақ жұмыстарын 2017 жылы бастап, тұңғыш спутникті жыл соңына дейін іске қосады. Екінші аппарат Жер орбитасына 2018 жылы шығарылады. Осы мақсатта SpaceX көпмәртелік Falcon 9 тасығыш зымырандарын қолданып жатыр. Бұл шығынды азайтып, ғарышқа 1 110-1 325 шақырым аралығындағы биіктікте жұмыс ісиейтін 4 425 аппаратты шығаруға мүмкіндік береді. 

Биыл наурызда SpaceX Falcon 9 зымыранын ұшырған еді. Тоғыз минуттан кейін зымыран Атлант мұхитындағы платформаға сәтті қонды.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама