SpaceX жаһандық интернетпен қамтамасыз ететін екі спутнигі бар Falcon 9 зымыранын ұшырды

SpaceX компаниясы жа?анды? интернетпен ?амтамасыз ететін екі спутнигі бар Falcon 9 зымыранын ?шырды, - деп хабарлайды РИА Новости.

SpaceX компаниясы жаһандық интернетпен қамтамасыз ететін екі спутнигі бар Falcon 9 зымыранын ұшырды, - деп хабарлайды РИА Новости.

Зымыранның ұшырылуына старт Калифорнияның Ванденберг ғарыш айлағынан Астана уақыты бойынша 20.17-де берілген. Бұл стартқа бұған дейін ұшырылған зымыран-тасушының бірінші сатысы қолданылды. Бастапқыда старт 17 ақпанға белгіленген, алайда ауа райының қолайсыздығы мен техникалық ақауларға байланысты үш мәрте кейінге қалдырылған еді. 

Реклама
Реклама

Microsat-2a және Microsat-2b спутниктері 12 мың спутниктің алғашқы екеуі, олардың арқасында SpaceX Жердің кез келген нүктесіне Интернет жеткізуді жоспарлап отыр. Сынаққа түскен әрбір спутниктің салмағы 400 келі шамасында, бұл құрылғылар 20 ай ішінде сынақтан өтеді екен. 

Зымырандағы басты жүк - мадритік Hisdesat компаниясына тиесілі Paz спутнигі, ол испан әскерилеріне, үкіметтегілерге және коммерциялық клиенттерге радиолокациялық мәліметтерді жеткізуге арналған.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама