17 ақпан 2023 | 12:22

Telegram WhatsApp басшысының айыптауларына қатысты жауап берді

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото ©РИА Новости

Telegram өкілі Реми Вон WhatsApp бас директоры Уилл Кэткарттың мессенджерді пайдалану қауіптілігі туралы айыптауларына жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі GSMArena-ға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Telegram өкілі Реми Вон WhatsApp бас директоры Уилл Кэткарттың мессенджерді пайдалану қауіптілігі туралы айыптауларына жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі GSMArena-ға сілтеме жасап.

Вон Кэткарт өзінің айыптауларында Wired басылымы материалына сілтеме жасағанын түсіндірді. Оның айтуынша, Wired мақаласында көптеген қате бар, сонымен қатар редакция Telegram-ның пікірлері мен жауаптарын елемеген, бұл өз кезегінде WhatsApp басшысын жаңылыстырған.

Ол Telegram серверлері ашық бастапқы код емес екенін атап өтті.

Реклама
Реклама

"Бұған дейін италиялық Удине университетінің командасы Telegram сөйлесулерін қорғау үшін пайдаланатын MTProto 2.0 протоколын сынақтан өткізген", - деді ол.

Сонымен қатар, Telegram Wired мақаласындағы тоғыз қатенің тізімін жасады.

"Мессенджер өкілі қолданбада пайдаланушының орналасқан жерін автоматты түрде бақылау жоқ деп сендірді. Алайда бұл пайдаланушы өзінің орналасқан жерін көпшілікке көрінетін етіп көрсеткен жағдайда ғана мүмкін болады, бұл пайдаланушылардың тек 0,01 пайызын құрады", - деп сендірді Вон.

Бұған дейін WhatsApp басшысы Уилл Кэткарт Telegram-ды қолданушылар үшін тиісті қауіпсіздік деңгейі жоқ деп айыптап, барлық қолданушыны бұл мессенджерден бас тартуға шақырған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная