22 ақпан 2020 | 12:11

TikTok ата-ана бақылауын енгізеді

Иллюстрациялық сурет

Қысқа бейнероликтер жасауға және жариялауға мүмкіндік беретін танымал TikTok сервисі кәмелетке толмаған қолдаланушылар үшін қауіпсіздік деңгейін көтереді, - деп хабарлайды engadget.com.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қысқа бейнероликтер жасауға және жариялауға мүмкіндік беретін танымал TikTok сервисі кәмелетке толмаған қолдаланушылар үшін қауіпсіздік деңгейін көтереді, - деп хабарлайды engadget.com.

Ақпарат бойынша, TikTok-тағы аккаунттың жаңа бөлімі көмегімен ата-аналар баласының күнделікті видео көру уақытын ғана шектеп қоймай, сонымен қатар ол жазыла алатын қолдаланушылар тізімін де бақылай алады. Сондай-ақ, кәмелетке толмаған көрермен үшін контент сүзгісі де бар. Бастапқыда Family Safety Mode функционалы Ұлыбритания аумағында қол жетімді болады, бірақ жақын арада ол басқа елдерге де тарайды.

Реклама
Реклама

Айта кетелік, қысқа роликтердің видеохостингі TikTok соңғы жылдары үлкен танымалдыққа ие болды. Бұл платформаның басты мәселелерінің бірі - кәмелетке толмаған қолдаланушылардың қауіпсіздігі. Себебі 2019 жылдың басына дейін сервисте түрлі жастағы қолдаланушылар үшін контент шектеудің ешқандай құралдары, сондай-ақ балалар мен жасөспірімдерді қорғау тәсілдері болмаған. Ал АҚШ Мемлекеттік департаменті мен ішкі қауіпсіздік министрлігі қызметтегі адамдарға жұмысындағы құрылғыларда TikTok қосымшасын орнатуға және іске қосуға тыйым салған болатын.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная