TikTok жүздеген қызметкерін қысқартпақ - БАҚ

Фото ©REUTERS

TikTok әлеуметтік желісі тиесілі ByteDance компаниясы Қытайдың жаңа талаптарына байланысты жүздеген қызметкерді жұмыстан шығармақ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters-ке сілтеме жасап.

TikTok әлеуметтік желісі тиесілі ByteDance компаниясы Қытайдың жаңа талаптарына байланысты жүздеген қызметкерді жұмыстан шығармақ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters-ке сілтеме жасап.

Reuters мәліметінше, ByteDance мектеп оқушылары мен мектеп жасына дейінгі балалардың білім беру бағдарламалары бойынша оқытуға байланысты бизнес бағыттарын жабуды ұйғарған. Білім беру бөлімінің сату және жарнама бөлімдерінің репетиторлары мен қызметкерлері қысқартылады.

Мұның себебі Қытай билігінің жаңа талаптары болды. Оған сәйкес мектеп бағдарламасы пәндерін оқытатын компаниялар қайта тіркеліп, коммерциялық емес ұйымдар болуы керек. Сондай-ақ, олар биржаға шығып, шетелдік капиталды тарта алмайды.

Реклама
Реклама

Жаңа ережелерді жариялау Қытай компанияларының бағалы қағаздарын сатуға себеп болды, соның салдарынан олардың нарықтық құны 1 триллион доллардан асты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама