14 қыркүйек 2020 | 11:06

TikTok қосымшасы Microsoft компаниясына сатылмайтын болды

Фото: gazeta.ru

TikTok қосымшасы тиесілі қытайлық ByteDance компаниясы Micrisoft-қа өз өнімін сатпайтынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі lenta.ru сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

TikTok қосымшасы тиесілі қытайлық ByteDance компаниясы Micrisoft-қа өз өнімін сатпайтынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі lenta.ru сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы Micrisoft компаниясының ресми сайтында жарияланды.

Реклама
Реклама

АҚШ-тың IT саласындағы ірі компанияның өкілдерінің пікірінше, бұл ұсыныс TikTok қосымшасының пайдаланушыларына пайдалы, әрі АҚШ-тың ұлттық мүддесін қорғауға да септігін тигізеді.

15 қыркүйекте АҚШ-та TikTok активтерін сату туралы шешімнің уақыты өтеді. АҚШ президенті Дональд Трамптың айтуынша, осыдан соң қосымша жабылады немесе сатылады. 

23 тамызда ByteDance компаниясы АҚШ президенті әкімшілігін сотқа берген еді.

Айта кетейік, 6 тамызда Дональд Трамп TikTok қожайыны ByteDance компаниясы және WeChat әлеуметтік желісінің қожайыны Tencent-пен мәміле жасауға тыйым салатын екі Жарлыққа қол қойған болатын. Екі жобаны да Қытай корпорациялары әзірлеген. Вашингтон бұл қосымшалар "АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігіне, сыртқы саясатына және экономикасына қауіп төндіреді" деп санайды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная