24 мамыр 2023 | 17:48

TikTok, WhatsApp, Instagram. Қазақстанда балалардың әлеуметтік желілерге кіруі шектеледі

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:elements.envato.com

Қазақстанда ата-анасы немесе заңды өкілінің рұқсатынсыз TikTok, Instagram, Facebook, WhatsApp, "ВКонтакте" платформаларында кәмелетке толмағандарды тіркеуді шектеу шараларын қабылдау жоспарланып отыр. Үкімет қаулысының жобасы "Ашық НҚА" сайтында пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда ата-анасы немесе заңды өкілінің рұқсатынсыз TikTok, Instagram, Facebook, WhatsApp, "ВКонтакте" платформаларында кәмелетке толмағандарды тіркеуді шектеу шараларын қабылдау жоспарланып отыр. Үкімет қаулысының жобасы "Ашық НҚА" сайтында пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстан Үкіметі балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау және олардың құқықтары мен әл-ауқатын қамтамасыз ету жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған "Бала Қорғау" кешенді жоспарын бекіту туралы шешім қабылдады.

Жоспар мақсаты – балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесін құру, балаларға уақтылы білікті көмек көрсету, сондай-ақ балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған 2023-2025 жылдарға арналған қосымша шаралар кешенін қабылдау.

Жоба қабылданса, Instagram, Facebook, WhatsApp, "ВКонтакте" платформаларында кәмелетке толмағандарды заңды өкілінің рұқсатынсыз тіркеуге шектеу шараларын енгізу 2025 жылдың бірінші тоқсанына жоспарланған. Бұған Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, сондай-ақ Білім министрлігі жауапты болады.

Реклама
Реклама

Жалпы, кешенді жоспар 4 бөлімнен тұрады.

  • "Балалардың зорлық-зомбылықтан қорғау құқығын жүзеге асыру".
  • "Білім алушылардың педагогикалық қолдау құқығын іске асыру, балалардың суицидтік және аутоагрессивті мінез-құлқының алдын алу және түзету".
  • "Қазақстандық балалардың әл-ауқаты деңгейін арттыру, балалардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекет пен қоғамның өзара іс-қимылы".
  • "Ақпараттық сүйемелдеу".

Құжат 6 маусымға дейін көпшіліктің талқылауы үшін жарияланған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram