ПОДЕЛИТЬСЯ
28 қыркүйек 2022 | 12:43
Тоқаев интернетпен қамту бойынша нақты сандарды анықтауға шақырды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Цифрлық даму министрлігінен елдегі интернетпен қамту бойынша "жағдайды нақты көрсететін объектив сандарды" талап етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Цифрлық даму министрлігінен елдегі интернетпен қамту бойынша "жағдайды нақты көрсететін объектив сандарды" талап етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Үкімет интернетті 100 пайыз қамту туралы есеп береді. Бірақ, азаматтардың өтініштеріне қарағанда, бұлай емес. Жаңа ғана министр мен "Қазақтелеком" басшысына сұрақ қойдым. Олар маған 99 пайыз дегенде әңгіме аумақта емес, еліміздің тұрғындары санына қатысты екенін айтты.
Мұны анықтау керек. Бізге жағдайды нақты көрсететін объектив сандар қажет. Жалпы, Қазақстан аумағын интернетпен қамту деңгейі айтарлықтай жоғары деп айтқым келеді", - деді Тоқаев Digital Bridge халықаралық форумының пленарлық сессиясы кезінде.
Мемлекет басшысы елімізде, сапалы интернетке қолжеткізе алмайтын шалғайдағы ауылдардың 300 мыңнан астам тұрғыны бар екенін атап өтті.
"Біз бұл сандармен жұмыс жасауымыз керек, бұл азаматтардың немесе аумақтардың саны болса да, 100 пайыздық интернетпен қамтамасыз етуіміз керек", - деп тапсырды Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также