28 қыркүйек 2022 12:06

Тоқаев SpaceX және OneWeb-ке қатысты тапсырма берді

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: NASA

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ең шалғай ауылдарды SpaceX және OneWeb төменгі орбиталық спутниктік жүйелер желілерімен қамту бойынша жұмысты жандандыруды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ең шалғай ауылдарды SpaceX және OneWeb төменгі орбиталық спутниктік жүйелер желілерімен қамту бойынша жұмысты жандандыруды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы өз сөзінде Қазақстан нарығына Microsoft Azure, Amazon Web Services, Google Cloud және т.б. сияқты ірі ойыншылар белсенді түрде тартылып жатқанын атап өтті.

"Халықтың 40 пайызға жуығы ауылдық жерлерде тұратын еліміз үшін барлық азаматты қолжетімді және сапалы интернетпен қамтамасыз ету өзекті мәселе саналады. Цифрлық даму министрлігі ең шалғай ауылдарды SpaceX және OneWeb төменгі орбиталық спутниктік жүйелер желілерімен қамту жөніндегі жұмысты жандандыруы керек", - деп тапсырды Тоқаев Digital Bridge халықаралық форумының пленарлық сессиясы кезінде.

Реклама
Реклама

Еске салайық, Астанада Digital Bridge 2022 халықаралық технологиялық форумы өтіп жатыр. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram