04 қараша 2022 17:01

Twitter-де жаппай қысқарту басталды

Дина Шарипханова Корреспондент
видео кадры

Twitter әлеуметтік желісінің жаңа иесі миллиардер Илон Маск компанияда жұмысшыларды жаппай қысқарту басталғанын хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Daily Mail басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Twitter әлеуметтік желісінің жаңа иесі миллиардер Илон Маск компанияда жұмысшыларды жаппай қысқарту басталғанын хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Daily Mail басылымына сілтеме жасап.

Twitter компаниясының басшылығы қызметкерлерге қысқарту болатыны туралы ресми хабарламамен электрон хаттар жіберген. Шетелдік БАҚ сілтеме жасаған хабарлама мәтініне сәйкес, АҚШ-та жұмысшыларды қысқарту 4 қарашада жергілікті уақыт бойынша жұмыс күнінің басында басталды.

Реклама
Реклама

Қызметкерлер Twitter-де жұмыс істеуді жалғастыра ма, жоқ па көрсетілген электрон хаттар алған. Сонымен қатар, олардан кеңселерге келмеу сұралған, өйткені олар уақытша жабылады, ал жұмыс талондары уақытша тоқтатылған. Хатты оқымай кеңсеге келгендер қайтарылады, компания демалыс жариялаған.

"Бұл Twitter-ге құнды үлес қосқан бірқатар адамға әсер ететінін түсінеміз, бірақ, өкінішке қарай, бұл әрекет компанияның болашақтағы табысын қамтамасыз ету үшін қажет", - делінген электрон поштаға келген хаттарда.

Сонымен қатар, қызметкерлерге әлеуметтік желіде немесе баспасөзде "компания туралы құпия ақпаратты" жарияламау ескертілген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram