ПОДЕЛИТЬСЯ
07 тамыз 2019 | 09:18
Twitter қолданушылардың мәліметтері тарап кеткенін мәлімдеді
Twitter компаниясы әлеуметтік желіні баптаудағы проблемаларға байланысты пайдаланушылардың жеке деректерін олардың рұқсатынсыз дербес жарнама мақсатында пайдаланылған болуы мүмкін екенін хабарлады, деп хабарлайды РИА Новости.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Twitter компаниясы әлеуметтік желіні баптаудағы проблемаларға байланысты пайдаланушылардың жеке деректерін олардың рұқсатынсыз дербес жарнама мақсатында пайдаланылған болуы мүмкін екенін хабарлады, деп хабарлайды РИА Новости.
Компания соңғы уақытта қолданушының параметрлерін таңдау дұрыс жұмыс жасамаған қосымшадағы проблемаларды тапқанын мәлімдеп отыр.
"Егер сіз ұялы қолданбаға арналған жарнаманы басып немесе қарап қойсаңыз және кейіннен 2018 жылдың мамырынан бастап мобильді қосымшамен өзара іс-қимыл жасаса, біз сенімді серіктестермен кейбір деректермен (мысалы, елдің коды, қосымшамен және қашан өзара іс-қимыл жасағаныңыз туралы ақпарат, қосымша туралы ақпарат және т.б.) тіпті егер сіз бізге рұқсат бермеген болсаңыз да жарнама бойынша бөлісе алатын жағдай туындаған", - деп хабарлайды компания мәлімдемеде.
Сондай-ақ, компания "қолданушы рұқсат бермесе де, сіз пайдаланатын құрылғылар туралы біз жасаған қорытындылар негізінде жарнамаларды көрсете алатын жағдай" болғанын мәлімдеді.
Компания осы проблемаларды биылдың 5 тамызында жойғанын, бірақ әзірге қанша пайдаланушының мәліметі тарағаны белгісіз екенін хабарлады.
"Біз сіздің жеке мәліметтеріңіз таралды ма, жоқпа, қанша адамның мәліметі тарағанын білгіміз келеді. Біз әлі де тергеу жүргізудеміз", - делінген хабарламада.
Показать комментарии
Читайте также