ПОДЕЛИТЬСЯ
28 қыркүйек 2022 | 16:14
"ҰАТ" АҚ басшысы хакерлер шабуылына қатысты пікір білдірді
"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ басқарма төрағасы Ростислав Коняшкин қазақстандық интернетке хакерлік шабуылдарға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ басқарма төрағасы Ростислав Коняшкин қазақстандық интернетке хакерлік шабуылдарға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Digital Bridge 2022 цифрлық технологиялар және бизнес халықаралық форумы кулуарында журналистер "ҰАТ" АҚ басшысынан деректер қауіпсіздігі туралы сұрақ қойды.
"Иә, біз белсенділік артқанын, ақпараттық жүйелерімізге, eGov жүйелеріне, мемлекеттік органдардың барлық gov.kz сайтына – интернет-ресурстардың бірыңғай порталына және басқа да ресурстарға сұраныс артқанын көріп отырмыз. Сұраныстар саны артқанын байқап отырмыз, шабулдарға қатысты МТҚ (Мемлекеттік техникалық қызмет) жауап береді деп ойлаймын", - деді Коняшкин.
Ол кейінгі күндері белсенділік жоғарылағанын айтты.
"Кейінгі аптаның басынан бастап белгілі бір толқулар болды. Шабуылдар қайдан жасалып жатқаны белгісіз, бұл туралы МТҚ-дан сұрау дұрыс болар... "ҰАТ" АҚ ретінде азаматтарымыздың деректерін қорғау бойынша біз де белгілі бір жұмыстар жүргізіп жатырмыз. Бізде ақпараттық қауіпсіздік орталығы бар, ол біріктірілген, Ұлттық ақпараттық қауіпсіздік орталығына қосылған. Олар сенімді қорғалған, осыған байланысты проблемалар болмауы тиіс", - деп түсіндірді "ҰАТ" АҚ басшысы.
Ол Қазақстанда 300-ден аса мемлекеттік сайт, мемлекеттік ақпараттық жүйелер бар екенін айтты.
"Қазір оларды тұтастыру, біріктіру және ұзақ мерзімді стратегияны қалыптастыру, бірыңғай платформаларға ауыстыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Шабуылдар белгілі бір жиілікпен жүреді, бұл тұрақты процесс. Біз қазақстандықтарға олардың деректерінің қорғалуына кепілдік бере аламыз және беруіміз керек. Біз өз жүйелерімізбен, жұмыс блогымен айналысатын компания ретінде бұған кепілдік беруге міндеттіміз, біз қажетті іс-шараларды жүргіземіз", - деп қорытындылады Коняшкин.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также