22 мамыр 2017 | 17:42

Вайнер Әмина Малғаждардың Youtube хостингіндегі арнасы миллиардтан аса көрілім жинады

© Instagram

Қазақстандық вайнер қыз Әмина Малғаждардың (Aminokka, "Аминка Витаминка") Youtube хостингіндегі парақшасы миллиардтан аса көрілім жинады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қыздың әкесінің айтуынша, олар видеохостинг әлемінде осындай танымалдылыққа ие болған алғашқы қазақстандықтар болды.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық вайнер қыз Әмина Малғаждардың (Aminokka, "Аминка Витаминка") Youtube хостингіндегі парақшасы миллиардтан аса көрілім жинады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қыздың әкесінің айтуынша, олар видеохостинг әлемінде осындай танымалдылыққа ие болған алғашқы қазақстандықтар болды.

Апалы-сіңлілі Адия мен Аружан Малғаждар Қазнетте Instagram желісіндегі қысқа роликтерімен (вайндармен) танымал болды. 2015 жылдың тамыз айында олардың алғашқы видеосы жарияланды. Ал бір айдан соң қыздар Youtube хостингінде аккаунт ашты. Содан кейін оларды "Пусть говорят" бағдарламасына шақырған болатын.

Реклама
Реклама

Қыздың әкесі Рамазан Малғаждардың айтуынша, ол 2017 жылдың жазына қарай "Аминка Витаминка" арнасында миллиард көрілім жинауды жоспарлаған. "Мен біздің арнаға күнде қарап жүремін, қолданушылардың белсенділігін, статистиканы бақылап жүремін. Мамыр айының ортасында осы көрсеткішке жеткенімізді көрдім. Парақшаны күнделікті бақылап жүргендіктен болар бұл көрсеткіш мені үшін аса үлкен тосынсый болмады. Бірақ әйелім қатты қуанды", - дейді Рамазан Малғаждар.

Ер адамның айтуынша, ол жақында SocialBlad ресурсын тексеріп шыққан. Онда әлеуметтік желілердегі ең танымал аккаунттардың рейтингі жарияланады. Сондағы мәліметтерге қарағанда, "Аминка Витаминка" Youtube хостингінде жиі қаралатын 500 аккаунттың қатарына кіреді. Сондай-ақ, қазақстандық қолданушылардың арасында да осы парақша жиі қаралатын аккаунт болып саналады. Қазіргі уақытта әлемнің 600 мыңнан аса қолданушысы осы арнаға тіркелген екен.

"Біз әрі қарай алға жылжитын боламыз, жоспарлар көп. 2016 жылы Youtube хостингісінің ең табысты видеоблогері 15 миллион доллар ақша тапқан. Бұл да әрі қарай жылжуға ынталандырады. Онымен қоса, біз әлі жас арнамыз. Жақын арада біздің кішкентай қолданушыларымызға қызықты әрі пайдалы болатын дүниелерді жасағымыз келеді. Себебі Instagram желісінде балалардың аналары нақты бір видеоларды түсіруді сұраған болатын. Олар біздің қыздарға қарап, соларға ұқсағысы келеді екен", - деді Рамазан Малғаждар


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная