26 қаңтар 2021 10:09

WhatsApp 30 миллионнан аса пайдаланушысынан айырылды

Соңғы 3 аптада WhatsApp сервисі 30 миллионнан аса қолданушысынан айырылды. Сонымен қатар, қазір шамамен 25 миллион пайдаланушы Telegram, ал тағы 7,5 миллион қолданушы Signal сервисін қолданады, - деп хабарлайды The Guardian.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Айта кетейік, Signal-ды бірнеше жыл бұрын АҚШ-тан қашқан ЦРУ-дың бұрынғы қызметкері Эдвард Сноуден "ең қауіпсіз қызметтердің бірі" деген болатын.

Реклама
Реклама

Журналистердің сөзінше, WhatsApp пайдаланушыларының жаппай "кетуі" осы платформада қызмет көрсету шарттарын нашар дайындаудан болып отыр. 

Көптеген пайдаланушы бұл мессенджердің өзінің бас компаниясы - Facebook-ке мәлімет беруімен байланысты хат алмасудың құпиялылығын жою қаупін көрді.

Бастапқыда WhatsApp мессенджерінің қызмет көрсету саясатындағы өзгерістер 2021 жылдың 8 ақпанында күшіне енуі керек еді. Алайда, пайдаланушылар санының азаюына байланысты оларды енгізу 15 мамырға ауыстырылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram