WhatsApp iPhone смартфондарының қауіпсіздігі үшін жаңа функция енгізді

WhatsApp iPhone смартфондарының қауіпсіздігі үшін жаңа функция енгізді © Gadgets Now

WhatsApp мессенджері қауіпсіздікті күшейту мақсатында iPhone смартфондарының кейбір модельдеріне жаңа функциялар енгізді. Бұл туралы компанияның хабарламасында айтылады, - деп хабарлайды РИА Новости.

WhatsApp мессенджері қауіпсіздікті күшейту мақсатында iPhone смартфондарының кейбір модельдеріне жаңа функциялар енгізді. Бұл туралы компанияның хабарламасында айтылады, - деп хабарлайды РИА Новости.

"WhatsApp-та хабарламалардың қауіпсіздігіне назар аударып, қосымшаны одан да қауіпсіз етудің жаңа әдістерін іздейміз. ... Сондықтан бүгін біз iPhone смартфондарына арналған Touch ID және Face ID функцияларын ұсынамыз. Бұл сіздердің аккаунтыңыздың қауіпсіздігін тағы бір деңгейге жоғарылатады", - делінген компанияның блогында.

Осылайша, компания өкілдерінің айтуынша, бөтен біреу WhatsApp қосымшасына кіре алмайды.

Жарнама
Жарнама

Жаңа функцияны қосу үшін қосымшаның баптауларына кіріп, "экранды бұғаттау" функциясын таңдап, деректердің құпиялығы параметрлерін жаңарту керек.

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама