WhatsApp мессенджерінде ақылы жүйелер пайда болады

© pixabay.com

Facebook ?леуметтік желісіне тиесілі WhatsApp мессенджері компаниялардан ?осымша кейбір ?ызметтер ?шін а?ы алатын болады, - деп хабарлайды 3dnews.ru. Оны? ішінде мекемеден ж?не оларды? клиенттерінен проблемасыз байланыс орнату ?ызметі бар. Б?л туралы WhatsApp бас операциялы? директоры Мэтт Идема (Matt Idema) Fox Business сайтына берген с?хбатында. 

Facebook әлеуметтік желісіне тиесілі WhatsApp мессенджері компаниялардан қосымша кейбір қызметтер үшін ақы алатын болады, - деп хабарлайды 3dnews.ru. Оның ішінде мекемеден және олардың клиенттерінен проблемасыз байланыс орнату қызметі бар. Бұл туралы WhatsApp бас операциялық директоры Мэтт Идема (Matt Idema) Fox Business сайтына берген сұхбатында. 

"Біз адамдардың компанияларға жазып және қажетті жауапты алу үшін базалық негіз орнатқымыз келеді, - деді Идема. - Болашақта осы қызмет үшін компаниялардан ақы алып отыратын боламыз".

Идеманың айтуынша, WhatsApp мессенджерінде жарнама пайда болуы мүмкін. Бірақ әзірге емес, болашақта жарнама шығуы мүмкін. 

Реклама
Реклама

Есептерге қарағанда, бірнеше елде компаниялар осы мүмкіндікті сынақтан өткізіп жатқан көрінеді. Біріншілер қатарында, яғни бизнес-жүйені сынақтан өткізіп жатқан нидерландтық KLM Royal Dutch Airlines компаниясы болған. 

Ақпарат келесі аптаның сейсенбісінде ресми блогта жарияланып, толығырақ түсінідіріледі.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама