WhatsApp мессенджерінде өзгерістер пайда болды

© Gadgets Now

?лемні? е? танымалы WhatsApp мессенджерінде ?згерістер болды. Енді мессенджерде ашыл?ан топ?а кіру ?шін ?олданушылар ол туралы ?ыс?а кіріспені о?ып, оны? ма?саты, ережелері мен та?ырыбымен таныса алады. Б?л а?парат экранны? жо?ар?ы жа?ында к?рсетіледі. ?кімшілері топты? сипаттамасы мен суретін ауыстыра алатын адамдарды сайлай алады, - деп жазады Вести.Hi-tech.   

Әлемнің ең танымалы WhatsApp мессенджерінде өзгерістер болды. Енді мессенджерде ашылған топқа кіру үшін қолданушылар ол туралы қысқа кіріспені оқып, оның мақсаты, ережелері мен тақырыбымен таныса алады. Бұл ақпарат экранның жоғарғы жағында көрсетіледі. Әкімшілері топтың сипаттамасы мен суретін ауыстыра алатын адамдарды сайлай алады, - деп жазады Вести.Hi-tech.   

Топтан шығып кеткен қолданушылар оған қайта қосыла алмайды. Егер юзер ұзақ уақыт чатқа кірмесе, оң жақ төменгі бұрышта тұрған @ пернесін басып, хабарламаларды жылдам қарай алады. 

Реклама
Реклама

Енді топтағы адамды жылдам іздеу үшін топ туралы ақпарат парақшасына оның атын жазса жеткілікті. WhatsApp мессенджерінің ресми блогында жаңа қызметтер Android және iPhone үшін бүгіннен бастап қолжетімді екені жазылған. 

Басылымның жазуынша, жаңашылдықтар WhatsApp мессенджеріне кейінгі уақытта өте танымал болып кеткен Telegram чат-топтар платформасымен бәсекелесуге мүмкіндік береді. 

WhatsApp мессенджерін 1,5 миллиард, Telegram-ды 200 миллион адам қолданады. Жаңа қызмет түрлері Facebook желісіне тиесілі сервиске адам санын арттыруға мүмкіндік бермесе де, бар қолданушыларды талқылауға ынтасын арттырып, қосымшада ұзағырақ болуын арттырады. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама