WhatsApp-та жаңа функция пайда болды

Жансая Қадыржанова Корреспондент
WhatsApp-та жаңа функция пайда болды

WhatsApp мессенджерінде қолданушы жеке чатта WhatsApp-ты техникалық қолдау бөліміне хабарласа алатын функция пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі WABetaInfo-ға сілтеме жасай отырып.

WhatsApp мессенджерінде қолданушы жеке чатта WhatsApp-ты техникалық қолдау бөліміне хабарласа алатын функция пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі WABetaInfo-ға сілтеме жасай отырып.

Портал мәліметінше, қолданушы мессенджер жұмысында ақау шыққанын байқаса, бұл туралы WhatsApp-ты техникалық қолдау бөліміне тікелей жаза алады.

Сонымен қатар, мессенджер әкімшілігімен байланысу үшін "Параметрлер" - "Көмек" - "Бізбен байланыс" мәзіріне өту керек. Өтінімді зерделеп, мессенджердің техникалық қолдау бөлімі пайдаланушымен жеке чатта байланысқа шығады. Қазір бұл функция Android және iOS үшін WhatsApp бета нұсқасында қолжетімді.

Жарнама
Жарнама

WABetaInfo

Техникалық қолдауға байланысты WhatsApp-та не дұрыс емес екенін түсіну үшін мессенджерден кейбір ақпарат беріледі. Мысалы, сіздің телефон нөміріңіз, желі туралы ақпарат (Егер сіз 3G, LTE, 5G, Wi-Fi арқылы WhatsApp-қа қосылған болсаңыз), WhatsApp нұсқасы және ОЖ.

WhatsApp-ты қолдау чаты әрқашан жасыл белгімен белгіленеді, бұл қосымшаның ресми байланыс арнасы екенін растайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама