12 маусым 2020 09:19

WhatsApp-та жаңа функция іске қосылады

WhatsApp-та хабарламаларды тез табуға мүмкіндік беретін жаңа функция іске қосылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі WABetaInfo порталына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

WhatsApp-та хабарламаларды тез табуға мүмкіндік беретін жаңа функция іске қосылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі WABetaInfo порталына сілтеме жасап.

Порталдың хабарлауынша, мессенджерді құрастырушылар жаңа функцияны сынақтан өткізіп жатыр. Ол чаттағы хабарламаны күн бойынша тез іздеуге мүмкіндік береді. 

Реклама
Реклама

Мамандардың айтуынша, мессенджерде хабарламаны іздеуге мүмкіндік беретін функция бар. Алайда қолданушылар үшін хабарламаны табу қиын. 

Жаңа функция қажет хабарламаны тезірек табуға мүмкіндік береді. Ол үшін тек хабарлама жіберген күнмен оны алған уақытты белгілесе жеткілікті. 

Портал таратқан ақпаратқа сәйкес, функция әлі сынақтан өткізіліп жатыр.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram