WhatsApp-та жаңа функция іске қосылады

Фото: Tengrinews.kz©

WhatsApp мессенджері жаңа функцияны іске қосады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости-ге сілтеме жасап.

WhatsApp мессенджері жаңа функцияны іске қосады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости-ге сілтеме жасап.

"WhatsApp-тағы хабарламалар телефонда мәңгі сақталатыны белгілі. Жақын адамдар мен достарға байланысты естелік бізге өте маңызды болғанымен, жіберілген хабарламаның басым бөлігінің маңызы жоқ. Осыған байланысты сізге WhatsApp-та өшіп қалатын хабарлама режимін ұсынамыз", - делінген хабарламада.

Жаңа режим іске қосылған кезде чатқа жіберілген хабарламалар 7 күннен кейін өшіп қалады. 

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, жеке чаттағы кез келген қатысушы бұл режимді қосып немесе өшіре алады. Топтық чаттарда мұны әкімші істейді.

"Біз уақытты 7 күн деп белгіледік. Себебі оны оңтайлы деп санаймыз: бір апта ішінде сіз хабарламаларды жаңарта аласыз, кейін олар өшіп қалады", - делінген хабарламада.

WhatsApp-тағы жаңа режим осы айда іске қосылады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама