WhatsApp-та жаңа функциялар пайда болады

Фото: Flickr

WhatsApp мессенджерінде жаңа функциялар пайда болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

WhatsApp мессенджерінде жаңа функциялар пайда болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қосымшаның жаңартылған нұсқасы бірнеше апта ішінде қолжетімді болатыны айтылады.

Енді жаңа функцияның арқасында қолданушылар бір-біріне анимациялық стикерлер жібере алады. Сондай-ақ, қосымшаны әзірлеушілер жаңа контактілерді қосу мүмкіндігін жеңілдетеді - енді пайдаланушының QR кодын скандаған соң ол адамның аты-жөні тізімде автомат түрде пайда болады.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, әзірлеушілер топтық видеобайланыс функциясын жетілдірді. Енді видеобайланысқа сегіз адамға дейін қосыла алады, ал әрбір қатысушының түрін бүкіл экранға шығаруға болады дейді қосымшаны әзірлеушілер.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама