WhatsApp-та коронавирусқа байланысты жаңа функция пайда болды

WhatsApp-та коронавирусқа байланысты жаңа функция пайда болды © Reuters

WhatsApp мессенджері қарапайым қолданушылар үшін бейнеқоңырау қатысушыларының санын арттырды, - деп хабарлайды iXBT.com.

WhatsApp мессенджері қарапайым қолданушылар үшін бейнеқоңырау қатысушыларының санын арттырды, - деп хабарлайды iXBT.com.

Мессенджердің жаңартылған нұсқасын iPhone қолданушылары App Store-дан, ал Android смартфондары WhatsApp сайтынан жазып ала алады. 

Жаңа функцияның арқасында енді мессенджерде топтық аудио және бейнеқоңырауға бұрынғыдай төрт емес, сегіз адам қосуға болады. Ол үшін барлық қатысушы WhatsApp-тың соңғы нұсқасын жүктеп алуы керек. Мессенджерді жасағандар мұндай қоңыраулардың қорғалғанын айтады. 

Жарнама
Жарнама

Әзірлеушілер топтық әңгімелесуді кеңейту қажеттілігін коронавирус пандемиясымен байланыстырды.

"Пандемияның салдарынан көпшілігіміз достарымыз бен туыстарымыздан алыстап кеттік. Осыған байланысты бүкіл әлемде WhatsApp-та дыбыстық және бейнеқоңыраулар жиі қолданыла бастады", - делінген компанияның блогында.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама