ПОДЕЛИТЬСЯ
06 қазан 2018 | 11:15
Windows 10 пайдаланушылардың файлдарын жоя бастады
Windows операциялық жүйесі жаңарту кезінде пайдаланушылардың компьютерінен файлдарды жоя бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі MSPoweruser порталына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Windows операциялық жүйесі жаңарту кезінде пайдаланушылардың компьютерінен файлдарды жоя бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі MSPoweruser порталына сілтеме жасап.
Пайдаланушылар компьютерін Windows 10 (1809) жүйесіне жаңарту кезінде ондағы құжаттар, сондай-ақ музыка мен суреттері өшіп қалғаны жайлы хабарлаған. Техникалық қолдау қызметімен байланысқан олар, бұрынғы нұсқасын кері жазса да файлдарын қалпына келтіре алмаған.
Порталдың мәліметінше, бұл проблеманың себебі деректерді автомат түрде көшіруге жауап беретін OneDrive клиентінің функцияларының бірінде қателік болуы мүмкін екені аталды. Пікір қалдыруға болатын жерде кейбір пайдаланушылар жүйелік дискіде орналасқан windows.old папкасын ашып, жойылған файлдарды қалпына келтіруге кеңес берді.
Показать комментарии
Читайте также