"Яндекстің" тең құрылтайшысы компаниядан кететінін хабарлады

Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon
894
comments icon
0
Аркадий Волож. Фото ©РИА Новости Аркадий Волож. Фото ©РИА Новости

Қазақстан тумасы, "Яндекстің" тең құрылтайшысы және бұрынғы бас директоры Аркадий Волож компаниядан кететінін хабарлады. Бұл туралы The Bell онлайн басылымы "Яндекстің" ішкі порталына сілтеме жасап хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстан тумасы, "Яндекстің" тең құрылтайшысы және бұрынғы бас директоры Аркадий Волож компаниядан кететінін хабарлады. Бұл туралы The Bell онлайн басылымы "Яндекстің" ішкі порталына сілтеме жасап хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Компанияның ішкі порталында жарияланған хабарлама мәтіні бар интернет-басылымы мәліметінше, Аркадий Волож қызметкерлермен қоштасу хатын жазған, онда ол "Яндексті" қайта құрылымдау жоспарын әбден орынды және қажет деп атаған.

"Өздеріңіз білесіздер, мен ресейлік "Яндексті" көптен бері басқарып келемін, биыл компаниядағы барлық лауазымнан толығымен кетуге тура келді. "Яндекс" – өмірімнің жобасы. Елдегі ең жақсы технология компаниясын салған және салып жатқандардың бәріне рақмет. Жаңа жыл баршаға бейбітшілік әкелсін", - деп жазды Аркадий Волож.

Реклама
Реклама

Волож "Яндекстің" директорлар кеңесі мен басшылығы әзірлеп жатқан компанияны қайта құрылымдау жоспары орынды және қажетті деп есептейтінін қосты. Сондай-ақ, корпорацияның тең құрылтайшысы әлі де компанияның төрт халықаралық стартапын дамытуға көмектесуге мүдделі екенін атап өтті.

Аркадий Волож 1964 жылы Атырауда дүниеге келген. Ол Алматыдағы Республикалық физика-математика мектебінің түлегі. Сол жерде Илья Сегаловичпен танысқан (олар "Яндекс" іздеу жүйесін жасаған).

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Дина Шарипханова
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная