ПОДЕЛИТЬСЯ
17 ақпан 2023 | 10:38
YouTube бас директоры Сьюзен Воджицки отставкаға кететінін мәлімдеді
YouTube бас директоры Сьюзен Воджицки отставкаға кететінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Tech Crunch сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
YouTube бас директоры Сьюзен Воджицки отставкаға кететінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Tech Crunch сайтына сілтеме жасап.
Қызметкерлерге жазған хатында Воджицки өмірінің жаңа тарауын бастау үшін кететінін айтқан. Ол оны отбасына арнамақ. Воджицки тоғыз жыл бойы YouTube-ті басқарды. Енді өндірістік бақылау бөлімінің басшысы Нил Мохэн бейнехостингтің жаңа бас директоры болады.
"Бүгін, осындағы 25 жылға жуық жұмысымнан соң, YouTube-тің бас директоры қызметінен кетіп, отбасы, денсаулық және жеке жобаларға назар аударатын жаңа тарауды бастау туралы шешім қабылдадым, өйткені YouTube-те керемет көшбасшылық команда бар", - деп жазды Воджицки.
Сонымен қатар, Воджицки YouTube-тің жаңа бас директорын қолдайтынын мәлімдеді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также