14 наурыз 2022 | 09:47

YouTube Ресейден кеткен Иван Урганттың арнасын бұғаттап тастады

Жансая Қадыржанова Корреспондент
© instagram/urgantcom

YouTube видеохостингі танымал "Вечерний Ургант" әзіл-сықақ бағдарламасының арнасын бұғаттап тастады. Енді бұл арнадағы барлық видео қолжетімді емес, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі URA.RU сайтына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

YouTube видеохостингі танымал "Вечерний Ургант" әзіл-сықақ бағдарламасының арнасын бұғаттап тастады. Енді бұл арнадағы барлық видео қолжетімді емес, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі URA.RU сайтына сілтеме жасап. 

"Бұл арна қолжетімді емес", - делінген арнаға кірген кезде пайда болатын хабарламада. Сондай-ақ, VPN қызметі арқылы да кіру мүмкін емес.

Бұған дейін бағдарлама жүргізушісі Иван Ургант балалары, әйелімен бірге Израильге ұшып кеткені белгілі болды. Ол онда 2018 жылы азаматтық алған. Ресейлік БАҚ оның эмиграция жасауы мүмкін екенін хабарлады. Алайда шоумен Instagram-парақшасында демалыста екеніне, жақында оралатынына сендірді.

Реклама
Реклама

Бұған дейін Ургант Украинадағы Ресейдің әскери қимылдарына қарсы көпшілік алдында сөйлеген сөзінен кейін Бірінші арнадан жұмыстан кеткені туралы ақпарат тарады. Алайда бұл ақпарат ресми түрде расталмады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная