02 тамыз 2019 | 09:19

YouTube-те алаяқтықтың жаңа түрі анықталды

© REUTERS

"Касперский зертханасының" сарапшылары YouTube хостингінде ақылы жарнама арқылы жасалатын алаяқтықтың жаңа түрін анықтады. Алаяқтар хостингте сауалнамадан өту немесе қандай да бір қайырымдылық жасап, ақша аударғысы келген қолданушыға ірі сомадағы қаражат төлеуге уәде бергізген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

"Касперский зертханасының" сарапшылары YouTube хостингінде ақылы жарнама арқылы жасалатын алаяқтықтың жаңа түрін анықтады. Алаяқтар хостингте сауалнамадан өту немесе қандай да бір қайырымдылық жасап, ақша аударғысы келген қолданушыға ірі сомадағы қаражат төлеуге уәде бергізген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Компаниядағылардың мәліметінше, көбіне ТМД елдерінің Интернет қолданушылары алданған. Сол себепті биылдан бастап "Касперский зертханасының" мамандары алаяқтықпен ақша жымқыруға бағытталған 17 миллионға жуық сілтемені бұғаттаған.

Реклама
Реклама

"Алаяқтар белгілі бір жоспар бойынша жұмыс істеген - қолданушы отырған парақшада бірнеше сілтемеге өту арқылы қомақты қаржыны иеленуге болатыны көрсетілген видеоларды қосып отырған. Кейінірек видеороликте қолданушы басуы қажет сілтемелер шығады да, артынша белгілі бір сомада комиссия төлеу қажеттігі айтылған", - дейді компанияның баспасөз қызметіндегілер.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная