17 қазан 2021 | 12:58

Zenly қосымшасы туралы сарапшы пікір білдірді

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Сурет: iguides.ru

Zenly қосымшасы жастар арасында танымал, тіпті Ресейдегі ең көп жүктелген үшінші қосымша болған. Бұл қызмет тұрған жеріңізді достарыңызбен бөлісуге, олардың орналасқан жерін бақылауға мүмкіндік береді. Қазақстандық сарапшы, Қазақстан ғаламтор қауымдастығының президенті Шавкат Сабыров балалар мен жасөспірімдердің орналасқан жері туралы осындай ашық ақпарат қаншалықты қауіпсіз болатыны туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Zenly қосымшасы жастар арасында танымал, тіпті Ресейдегі ең көп жүктелген үшінші қосымша болған. Бұл қызмет тұрған жеріңізді достарыңызбен бөлісуге, олардың орналасқан жерін бақылауға мүмкіндік береді. Қазақстандық сарапшы, Қазақстан ғаламтор қауымдастығының президенті Шавкат Сабыров балалар мен жасөспірімдердің орналасқан жері туралы осындай ашық ақпарат қаншалықты қауіпсіз болатыны туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қосымшаның орналасқан жеріңізді бөлісуге мүмкіндік беретін басқа қызмет түрлерінен айырмашылығы жоқ. Хабар алмасуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, телефон туралы әртүрлі ақпарат беріледі, мысалы, оның қуаты туралы ақпарат береді. Бірақ бұл жерде басқа мәселе көріп тұрған жоқпын. Геолокация жіберу үнемі қыдырып жүретін, мекемелерге, сауда орталықтарына баратын жастар арасында өте танымал. Бағдарлама дайындаушылар қауіпсіздік шараларын қарастырған, тек сіз жіберген адам ғана орналасқан жеріңізді көре алады, басқа ешкім қадағалай алмайды. Facebook-те де үнемі орналасқан жерімізді бөлісеміз, әлеуметтік желі біз кірген сайын орналасқан жеріміз туралы ақпарат алады. Кейде жастарға достарының қайда екенін білу маңызды, себебі біреу кешігіп келуі мүмкін. Басқа жағынан бұл қызмет өзге әлеуметтік желілерден қауіпті емес", - деді Шавкат Сабыров.

Қазақстан ғаламтор қауымдастығының президенті қосымшаны балалардың өздері қаласа, ата-ана тарапынан бақылау әдісі ретінде де қолдануға болатынын айтты. Ата-ана әрқашан баласының қайда екенін, неге кешіккенін, тіпті балаларының кіммен сөйлесіп жатқанын біле алады. Шавкат Сабыров бұл функция өте пайдалы болуы мүмкін екенін, өйткені балаға үнемі қоңырау шалып, ұялтпауға болатынын атап өтті. Zenly хабар алмасуға мүмкіндік беретін басқа танымал мессенджерлерден айтарлықтай ерекшеленбейді.

Реклама
Реклама

"Қосымшаға 13 жастан бастап тіркелуге рұқсат етіледі. Сонымен қатар, бала орналасқан жері туралы ақпаратты кімге рұқсат беретінін өзі таңдайды. Менің ойымша, жаман ойы бар адамдар баланы алдағысы келсе, мұны басқа жолмен жасай алады. Ата-ана баласын дұрыс тәрбиелеп, интернетте қауіпсіздік ережелерін сақтап, бөтен адамдармен ақпарат алмасуға болмайтынын үйрету қажет", - деп қосты Сабыров.

Шавкат Сабыров ақпараттық қауіпсіздікке қатысты халықтың сауаттылық деңгейін көтеру үшін ағарту жұмыстары мен әлеуметтік жарнама қажет деп санайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная