ПОДЕЛИТЬСЯ
29 қазан 2017 | 11:53
1-9-кластар аралығында латынша оқыдық, зиянын көрмедік - Рабиға Сыздық
Филология ғылымының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының академигі Рабиға Сыздық латын әліпбиіне көшу туралы пікірін білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Филология ғылымының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының академигі Рабиға Сыздық латын әліпбиіне көшу туралы пікірін білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл туралы профессор Алматыда кеше, 28 қазанда өткен "Рухани жаңғыру: Тұлғалар тағылымы" атты конференцияда айтты. "Қазақтың ұлттық тұңғыш, ұлттық әліппесі Ахмет Байтұрсынұлы жасаған нұсқасы болатын. Заманның өзінің дамуы бойынша қазір мінекей латынды қабылдап отырмыз. Мен өзім бірінші кластан тоғызыншы класқа дейін латынша оқып келдім. 1945 жылы осында оқуға келіп түскенде лекцияларды латынша жазатын болғанмын. Өйткені үйренгендіктен бе, оңайлықтан ба, алған графикамыз өте қолайлы болды. Қазақтың әрбір дыбысына, әсіресе ең жиі қолданылатын "ы", "і", "қ", "ғ", "ң", "ж" дыбыстарын өз алдына жеке-жеке таңбалап берген әліппе болды. Сонымен оқып, ешқандай зиянын көрген жоқпыз, жақсы сауаттандық", - деп пікір білдірді ғалым.
Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы Жарлықтың қосымшасы
Сонымен қатар, айтуынша, латынға көшу мәселесінде дұрыс-бұрыс деп, таласып, дауласудың қажеті жоқ. "Дұрыстығы әлдеқашан дәлелденген. Оны қайталап айта бермеу керек. 32 дыбысты талдау қиын болмас, ең қиыны енді келіп тұр, сол әріптерді қалай дұрыс жазамыз деген мәселе. Кириллицаға көшкенде ең қиыны не болды? Көпке дейін біз "жапырақ", "топырақ" деген сөздерді "топрақ" деп жазамыз ба, әлде "топырақ" деп жазамыз ба деп он жыл айтыстық. Сол сияқты айтыстар енді басталады. Құр айтыс емес, нағыз ғылыми талдаулар, ғылыми ізденістер енді басталады. Қалай дұрыс жазамыз, қалай жылдам, жақсы, қиындықсыз жазуға болады, 7-8 жастан бастап алдына компьютер қойып, соған жаздыруға болмайды, қанша болса да қолмен жазу деген қалмайды. Сол қолмен жазған кезде қиындық болмауы үшін қандай ережелерді алу керек? Ең қиыны осы", - деді Рабиға Сыздық.
Сөз соңында белгілі профессор 90-нан асса да "құлағының, ал ең негізгісі басының іші сау" екенін айтып, латын әліпбиіндегі ережелерді жазуға, көмектесуге уәде берді. "Айтқанымды жазып алатын, ақылдасып отыратын көмекшім болса, сол ережелерді жасауға көмектесемін", - деді Рабиға Сыздық.
© Ардақ Құлтай
Айта кетейік, бұл дөңгелек үстелде Түркі академиясы халықаралық ұйымы (TWESCO) Алматыда түркология ғылымына сүбелі үлес қосқан әйгілі академик ғалымдар Әбдуәли Қайдар, Шора Сарыбай және Рабиға Сыздықты арнайы медальдармен марапаттады.
Жаңа әліпби кириллге қарағанда жеңілірек болады - Ерден Қажыбек
Показать комментарии
Читайте также