1 балл - 7 000 теңге: Ақтөбде ҰБТ-дан “табыс таппақ болған“ мұғалімге сот үкімі шықты

Дина Шарипханова Корреспондент
1 балл - 7 000 теңге: Ақтөбде ҰБТ-дан “табыс таппақ болған“ мұғалімге сот үкімі шықты Фото: testcenter.kz

Ақтөбе соты ҰБТ нәтижелерін ақшаға сатып алуды ұсынған мұғалімге үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақтөбе соты ҰБТ нәтижелерін ақшаға сатып алуды ұсынған мұғалімге үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақтөбе №2 соты екі немесе одан да көп адамға қатысты алаяқтық жасады деген айыппен сотталушы "Ж"-ға қатысты қылмыстық істі қарады (ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігінің 3) тармағы).

Мән-жайы

Реклама
Реклама

Сотталушы "Ж" мектеп мұғалімі бола тұра, Ұлттық біріңғай тестілеуден өткізіп беремін деп, жәбірленушілермен сөйлесу барысында 1 балл 7 000 теңге болатынын жеткізіп, 80 балл жинау үшін 560 000 тенгеден сұраған.

Нәтижесінде, сотталушы "Ж" өзінің қылмыстық құқық бұзушылық іс-әрекетімен жәбірленушінің әр қайсына 560 000 теңге материалдық шығын келтірген.

Сот отырысында сотталушы "Ж" өзінің кінәсін толық мойындады.

Сот үкімі

Сот үкімі бойынша, сотталушы "Ж" ҚР ҚК-ның 190-бабы 3-бөлігі 3) тармағымен кінәлі деп танылып, оған 3 жылға педагогикалық қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, 3 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

"Қазақстан Республикасы Конституциясының отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы" заңына әйкес тағайындалған негізгі жазасының өтелмеген бөлігінің мерзімі үштен бір бөлігіне қысқартылып, "Ж" түпкiлiктi 2 жыл 4 айға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама