30 қараша 2019 | 22:33

1 желтоқсанда ауа райы қандай болады?

Синоптиктер 2019 жылы 1 желтоқсанда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Синоптиктер 2019 жылы 1 желтоқсанда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

"Қазақстан территориясының басым бөлігі әлі де тұрақтанатын антициклонның әсерінде болғандықтан, жауын-шашынсыз ауа-райы сақталады. Тек батыс және оңтүстік-батыс аймақтарында фронтал бөліктердің өтуімен байланысты, тұрақсыз ауа райы болады, кей жерлерде жауын-шашын - жаңбыр, қар жауады. Республиканың кей жерлерінде - тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын бақыланады, жел күшейеді", - делінген хабарламада. 

Реклама
Реклама

Жамбыл, Қызылорда, Қостанай облыстарының кей жерлерінде - тұман бақыланады, жел секундына 15-20 метр күшейеді. Алматы облысының түнде кей жерлерінде тұман күтіледі, Алакөл көліның аумақтарында жел секундына 15-20 метр күшейеді. Атырау облысының кей жерлерінде - тұман, көктайғақ, күндіз жел секундына 15-20 метр күшейеді.

Батыс Қазақстан, Актөбе облыстарының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі, жел секундына 15-20 метр күшейеді, Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Маңғыстау, Солтүстік-Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының, түнде Павлодар, Ақмола, күндіз Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная