01 желтоқсан 2022 | 08:43

1 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Қазгидромет 1 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазгидромет 1 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Синоптиктердің мәліметінше, республиканың басым бөлігінде Оңтүстік циклонның әсерінен қар жауады. Оңтүстік-шығыста жауын-шашын болады. Еліміздің оңтүстігіндегі және оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда кей уақытта қалың қар жауады, тек батысында және солтүстігінде жауын-шашынсыз ашық ауа райы сақталады.

Елдің солтүстік, шығыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарында жел күшейеді. Солтүстік-батыста, солтүстікте, шығыста, орталықта бұрқасын, еліміздің оңтүстігіндегі және оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда тұман, көктайғақ күтіледі.

Реклама
Реклама

Түнде Түркістан, Жамбыл, күндіз Алматы облыстарында, сондай-ақ Жетісу облысының таулы аудандарында қалың қар жауады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная