ПОДЕЛИТЬСЯ
01 қаңтар 2020 | 16:30
1 қаңтардан бастап көп балалы отбасыларға жаңа мемлекеттік жәрдемақы беріледі
2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап көпбалалы отбасыларға табысына қарамай төленетін мемлекеттік жәрдемақы енгізілді, - деп хабарлайды "Хабар 24" телеарнасы.
ПОДЕЛИТЬСЯ
2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап көпбалалы отбасыларға табысына қарамай төленетін мемлекеттік жәрдемақы енгізілді, - деп хабарлайды "Хабар 24" телеарнасы.
Еңбек және халықты әлеуметтік қолдау министрлігі өкілдерінің айтуынша, жәрдемақы отбасының бала санына қарай беріледі.
Ведомство мәліметінше, атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің қолданыстағы жүйесін жетілдіру мақсатында жаңа заң жобасын әзірлеген. Келер жылдан бастап күшіне енетін заң жобасына бірнеше шарттар қосылды. Солардың бірі - көпбалалы отбасындағы еңбекке қабілетті мүшелері мемлекет ұсынған жұмысқа орналасуы тиіс.
Бұл шарт орындалмаған жағдайда барлық отбасы мүшелеріне атаулы әлеуметтік көмек тоқтатылады. Қазір елімізде 340 мыңнан астам көп балалы отбасы бар.
"Көп балалы отбасыларға олардың табысын ескермей, тек отбасындағы балалардың санына байланысты сараланған жәрдемақы түрі енгізілетін болады. 4 бала болса - 42 496 теңге, 5 балаға - 53 127 теңге, 6 балаға - 63657 теңге, 7 және одан да көп баласы барларға - 74 388 теңге төленеді.
2018 жылдың 1 қаңтарына дейін арнаулы әлеуметтік жәрдемақы тағайындалған отбасыларға бұл автоматты түрде жүргізіліп жатыр. Ал 2018-2019 жылдары көп балалы болған отбасыларға өтініштің электронды түрі тағайындалып, тек осы азаматтардан қол қою рәсімдері және құжаттарды тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр", - дейді еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ана мен баланы қолдау басқармасының басшысы Ғалия Жабағина.
Показать комментарии
Читайте также