ПОДЕЛИТЬСЯ
06 желтоқсан 2023 | 14:22
1 қаңтардан бастап зейнетақы жүйесінде өзгерістер болады: толығырақ
2024 жылы 1 қаңтардан бастап қолданыстағы жинақтаушы жүйе жаңа шартты-жинақтаушы құрамдауыш - жұмыс берушінің зейнетақы жарналарымен (ЖМЗЖ) толықтырылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі БЖЗҚ мәліметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
2024 жылы 1 қаңтардан бастап қолданыстағы жинақтаушы жүйе жаңа шартты-жинақтаушы құрамдауыш - жұмыс берушінің зейнетақы жарналарымен (ЖМЗЖ) толықтырылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі БЖЗҚ мәліметіне сілтеме жасап.
ЖМЗЖ агенттің, өзге де ақылы жұмысы бар адамдардың (сайланған, тағайындалған немесе бекітілген) өз қаражаты есебінен 1975 жылғы 1 қаңтардан кейін туған жұмыскерлер үшін ғана аударылады. ЖМЗЖ шамасы ЖМЗЖ есептеу үшін қабылданатын қызметкердің ай сайынғы табысынан белгіленеді:
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап – 1,5 пайыз мөлшерінде; 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап – 2,5 пайыз мөлшерінде; 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап – 3,5 пайыз мөлшерінде; 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап – 4,5 пайыз мөлшерінде; 2028 жылғы 1 қаңтардан бастап – 5 пайыз мөлшерінде.Бұл ретте қызметкердің ЖМЗЖ есептеу үшін қабылданатын ай сайынғы табысы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі жалақының мөлшерінен кем болмауы және республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі жалақының 50 еселенген мөлшерінен аспауы тиіс.
ЖМЗЖ-ны ҚР Әлеуметтік кодексінің 251-бабында көрсетілген бірыңғай төлем құрамында төлеуді таңдаған салық агенттері үшін жұмыскердің жалақысынан бірыңғай төлем мөлшерлемесіндегі ЖМЗЖ үлесі:
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап – 7 пайыз; 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап – 10,5 пайыз; 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап – 14,1 пайыз; 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап – 17,4 пайыз; 2028 жылғы 1 қаңтардан бастап – 19,0 пайыз болмақ.Төменде жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын аударуға болатын деректемелер келтірілген:
Агент жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын (ЖМЗЖ) аударуды қолма-қол ақшасыз төлемдер арқылы жүргізеді.
Банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда (бұдан әрі – банктер) шоттары жоқ, ЖК, ДК-мен айналысатын тұлғалар, ЖМЗЖ-ны кейіннен БЖЗҚ-ға аудару үшін банкке қолма-қол ақшамен енгізеді. Ұсталған (есепке жазылған) ЖМЗЖ Мемлекеттік корпорацияға мына деректемелер бойынша аударылады:
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также