08 қыркүйек 2020 | 12:21

1 қазаннан бастап прокурорлар шешімді келісу бойынша шығарады

Бас прокуратура Президент тапсырмасын орындау бойынша пилоттық жобаны жүзеге асырып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Бас прокуратура Президент тапсырмасын орындау бойынша пилоттық жобаны жүзеге асырып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бас Прокурор Ғизат Нұрдәулетов Павлодар облысына барып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру сатысындағы негізгі шешімдерді келісу бойынша пилоттық жобаның іске асырылу барысымен танысты.

Реклама
Реклама

Бұл жоба Президенттің Жолдауында айтылған азаматтардың конституциялық құқықтарына әсер ететін шешімдерді 2021 жылдан бастап прокурорлармен келісу туралы тапсырманы орындау аясында енгізіліп жатыр.

"Пилот барысында келісу электронды форматта жүргізіледі, бұл бұзушылықтардың дереу жолын кесуді қамтамасыз етеді және жазықсыз азаматтарды қылмыстық процесс шеңберіне тартуға жол бермейді. Қазіргі уақытта мұндай механизм Павлодар облысы мен ШҚО-да сынақтан өткізілуде.

Ағымдағы жылдың 1 қазанынан бастап оған еліміздің барлық өңірі қосылады.

Осыған байланысты аумақтық прокуратуралар басшыларына заңдылықты бұзудың жолын кесу және кінәлі адамдарды жауапкершілікке тарту жөнінде толық шаралар қабылдау туралы міндет қойылды", - делінген прокуратураның хабарламасында.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная