ПОДЕЛИТЬСЯ
20 мамыр 2022 | 13:04
1 қыркүйектен бастап Қазақстан мектептерінде жаңа пән пайда болады
Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов 1-қыркүйектен бастап Қазақстан мектептерінде жаңа пән пайда болатынын жеткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов 1-қыркүйектен бастап Қазақстан мектептерінде жаңа пән пайда болатынын жеткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Вице-премьер жас ұрпақты еңбекке баулудың маңызын атап өтті.
"Жаңа оқу жылында бірінші сыныптан бастап "еңбекке баулу" пәні енгізіледі. Жоба мектептер жанынан жылыжайлар ашуды көздейді. Қазірдің өзінде мектептердің 7 пайызға жуығы бұл тәжірибеден өтті. Сонымен қатар, биылдан бастап мектептерде педагог-кәсіптік бағдар беруші болады, ол оқушының болашақ мамандығын таңдауға көмектеседі", - деді ол.
Бұған дейін қаңтар айынан бастап қазақстандық мектептерде бірінші сынып оқушылары үшін "цифрлық сауаттылық" пәні енгізілгені жарияланған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также