07 маусым 2022 15:29

1 қыркүйектен бастап қазақстандық мектептерде жаңа сабақ енгізіледі

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

5-сыныптан бастап қазақстандық оқушылар "Патриотизм және жаһандық құзыреттер" курсын оқи бастайды. Бұл туралы Ыбырай Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясының президенті Мәдина Тыныбаева мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Білім академиясы президентінің айтуынша, курс оқушылардың зерттеу, талдау, коллаборация, коммуникация секілді дағдыларын дамытуға бағытталған. 

"Алдағы оқу жылының білім беру процесінің ерекшеліктерінің бірі - 5-11 сыныптарда "Патриотизм және жаһандық құзыреттер" атты курс енгізілуі. Академия жобаны таныстыру үшін өңірлік әдістемелік орталықтарға жіберді. Сайтта жарияланды. Оқу процесін ұйымдастыруға байланысты кейбір НҚА (нормативтік-құқықтық актілер) бекітілгеннен кейін түпкілікті өзгерістер енгізіледі, ал хат мектептерге жіберіледі", - деді Мәдина Тыныбаева.

Реклама
Реклама

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда ағылшын тілі 1-сыныптан бастап оқытылмайтыны хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram