1 миллиард теңгенің контрабандасы анықталды

Фото namba.net сайтынан

Қазақстанның кеден органдары қытайлық тауарлардың үлкен партиясын заңсыз тасымалдаудың жолын кесті. Оны Ресей азаматы ұйымдастырды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Бүгін қаржы министрлігі кедендік бақылау комитеті хабарлағандай, алдымен барлық тауарлар қазақстандық фирмаларға жеткізіліп тұрды. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер Қазақстан азаматының атында болды. Алайда оның барлығын Ресей азаматы бақылап отырған. 

"Тауарлар жалған құжаттардың негізінде жеткізілді. Онда кедендік баж салығы төмен болып көрсетілген. Оған қоса, тауарлар туралы нақты ақпарат жазылмады. Қытайдан заңсыз тасымалданған тауарлардың жалпы кедендік бағасы шамамен 1 миллиард теңгені құрады. Ал мемлекет қазынасына төленбеген кедендік төлемдер мен салықтардың көлемі 318 миллион теңгеге тең болды", - дейді кедендік бақылау комитеті контрабандамен күрес басқарамасына қарасты тергеу бөлімінің бастығы Ерден Жұма.

Реклама
Реклама

Оның айтуынша, контрабандалық жүктің ішінде сантехника, киім-кешек, маталар және көлік бөлшектері болды. Аталған тауарлар "Достық" бекетінен өтіп, Астанаға бет алған болатын. Бүгінде Ресей азаматы қамауға алынды. Қылмыстық іс қозғалды. Ол бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Сондай-ақ екі қазақстандық және тағы бір Ресей азаматы осы іске қатысты деген күдік бар.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама