1 миллион АҚШ доллары көлемінде пара беруге итермелеген ер адам сотқа тартылды

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

1 миллион АҚШ доллары көлемінде пара беруге итермелеген ер адам сотқа тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.

1 миллион АҚШ доллары көлемінде пара беруге итермелеген ер адам сотқа тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері алаяқтық және пара беруге итермелеу дерегі бойынша К. Алтаевқа қатысты соталды тергеуді аяқтады.

Оған кәсіпкерді аса ірі мөлшерде пара беруге итермелеп, Қарағанды облысындағы кен орнына жер қойнауын пайдалану келісімшартын ұзарту үшін лауазымды тұлғаларға беру сылтауымен алдау арқылы 1 миллион АҚШ доллары сомасындағы ақшалай қаражатын жымқыруға әрекет жасады деген айып тағылды.

Реклама
Реклама

Айыпталушы К. Алтаев сотқа берілді.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама