1 миллион доллар залал: Германия Қазақстанға алаяқтық жасады деген күдіктіні берді

Германиядан экстрадициялау Бейнеден алынған кадр

Германиядан Қазақстанға аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікті экстрадицияланды. Ер адам 10 жылдан аса уақыт бойы іздеуде болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Бас прокуратураға сілтеме жасап.

Германиядан Қазақстанға аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікті экстрадицияланды. Ер адам 10 жылдан аса уақыт бойы іздеуде болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Бас прокуратураға сілтеме жасап.

Бас прокуратура мен ІІМ Интерпол қызметкерлері, Қазақстанның Германиядағы елшілігінің қолдауымен қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында шетелдік азаматты экстрадициялады.

"Тергеу барысында, күдікті 2014 жылы адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, компьютерлік техниканы жеткізуге жәрдем көрсету сылтауымен қазақстандық кәсіпкердің 1 миллион АҚШ доллары көлеміндегі қаражатын алдау арқылы иемденгені анықталды", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, оған халықаралық іздеу жарияланған.

2025 жылдың қыркүйегінде ол Германияда ұсталып, Бас прокуратураның сұрауы бойынша Қазақстанға жеткізілді. Қазіргі уақытта сотталушы тергеу изоляторына қамалған.

Айыпталған қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 10 жылға дейін мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама