31 тамыз 2023 16:27

1-сынып оқушыларының 70 пайызы қазақ тілінде оқуды таңдады

Сурет ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда 1-сынып оқушыларының 70 пайызы мемлекеттік тілде оқиды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда 1-сынып оқушыларының 70 пайызы мемлекеттік тілде оқиды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

1 қыркүйекте алғаш рет Қазақстан бойынша 382 мыңға жуық бала мектеп табалдырығын аттайды, оның 70 пайызға жуығы мемлекеттік тілде оқуға ниет білдірді.

1-сынып оқушыларының көпшілігі Алматы, Түркістан және Алматы облыстарында. Балаларды қазақ тілінде оқытатын сыныптарға қабылдаудың жоғары пайызы Шымкент, Түркістан және Алматы облыстарында байқалды.

Реклама
Реклама

Жаңа оқу жылында 11 сыныптың 188 900 оқушысы оқиды, бұл түлектердің рекорд саны. 2023-2024 оқу жылын барлығы 3,9 миллионға жуық қазақстандық балалар бастайды.

55 мың бала жаңа мектепте оқиды. 2023 жылдың аяғына дейін 132 мың жаңа оқушы орнын пайдалануға беру жоспарда бар. Елімізде барлығы 7,7 мың орта білім беру ұйымдары жұмыс істейді.

Бұған дейін Қазақстанда соңғы қоңырау қайта 25 мамырда соғылатыны белгілі болған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram